«Астана» ВТБ Бірегей лигасы матчында «Зенитке» жол берді

«Астана» ВТБ Бірегей лигасы матчында «Зенитке» жол берді

«Астана» ВТБ Бірегей лигасының тұрақты чемпионаты аясында Санкт-Петербургте «Зенитке» қарсы матч өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық команда ойынның бастапқы кезеңінде басымдыққа ие болғанымен, қалған бөлігінде алаң иелері мықтырақ өнер көрсетті.

«Астана» сапында ең нәтижелі ойыншылар Григорий Мотовилов пен Галлин Смит атанды (екеуі де 12 ұпайдан еншіледі). Сонымен қатар, Андрей Десятников – 10, Даниель Утоми – 9, Ти Джей Старкс – 8, Данила Походяев – 5, Рустам Мырзагалиев – 3, Руслан Айткали мен Асқар Майдекин – 2 ұпайдан жинады.

Бұл «Астананың» ВТБ Бірегей лигасы маусымындағы 32-жеңілісі болды, команда осы уақытқа дейін тек бір жеңіске қол жеткізген.

Келесі матчын «Астана» «Нижний Новгород» қарсы өткізеді. Ойын 4 наурызда өтеді.

ВТБ Бірегей лигасы, 33-тур

«Зенит» — «Астана» 86:63 (17:19, 28:15, 21:14, 20:15).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или