Қазақстан әлем кубогы кезеңінде қола медаль жеңіп алды

Қазақстан әлем кубогы кезеңінде қола медаль жеңіп алды

Қазақстандық конькимен жүгіруші Евгений Кошкин Нидерландының Херенвен қаласында өткен әлем кубогы кезеңінде қола жүлдеге ие болды.

Спортшы 500 метр қашықтықта үшінші орын алды. Ол мәреге 34,30 уақыт көрсеткішімен жетіп, өз жеке рекордын жаңартты.

Жеңісті 34,18 нәтижесімен нидерландылық Еннинг Де Бо иеленді. Екінші орынды 34,27 уақытымен АҚШ спортшысы Джордан Штольц алды.

Айта кетейік, бұған дейін Кошкин Польшада өткен әлем кубогы кезеңінде топ жарған еді.

Дереккөз: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или