Қазақстандық спортшы әлем кубогы кезеңінде күміс медаль жеңіп алды

Әртістік жүзуден Қазақстан құрамасының спортшысы Эдуард Ким Францияның Париж қаласында өтіп жатқан Әлем кубогының кезеңінде күміс жүлдеге ие болды.
Спортшы техникалық бағдарламада 213,8167 ұпай жинап, екінші орынға ие болды.
Алтын медальді 214,3966 ұпаймен Ұлыбритания спортшысы Ранжу Томблин жеңіп алды. Үздік үштікті 213,5992 ұпаймен испаниялық Жорди Иглесиас қорытындылады.
Дереккөз: Olympic.kz
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или