«Барыс» тоғыз матчтан кейін алғаш рет жеңді

«Барыс» тоғыз матчтан кейін алғаш рет жеңді

Бүгін Құрлықтық хоккей лигасының кезекті матчтары өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Астаналық «Барыс» тосын нәтижеге қол жеткізіп, сырт айдында тольяттилік «Ладаны» 3:2 (1:1, 0:0, 1:1, 0:0, 1:0) есебімен жеңіп, тоғыз ойынға созылған жеңіліс сериясын тоқтатты.

Астаналықтар сапында Кирилл Панюков пен команда капитаны Роман Старченко көзге түсті. Ал шешуші буллитті Адиль Бекетаев дәл орындады.

Бұл – «Барыстың» маусымдағы буллит сериясындағы алғашқы жеңісі. Айта кетерлігі, бұған дейін астаналық клуб буллит сериясында үш рет 2:3 есебімен жеңілген еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или