ҚПЛ-2025: 1-турдан не күтуге болады?

Бүгін, яғни 1-наурызда Қазақстан Премьер-лигасы басталады. Алғашқы турда бізді бірден екі топ матч күтеді. ҚПЛ жаңа маусымының бірінші турында «Астана» мен «Қайрат» және «Ордабасы» мен «Ақтөбе» кездеседі
Tennisi.kz букмекерлік компаниясы дәл қазір пайдаланушыларға негізгі шотқа 4000 теңге береді. Оны алу үшін Tennisi.kz сайтында немесе қосымшасында тіркеліп, тіркеу кезінде dop24 промокодын енгізіп, шотты 3 000 теңгеден басталатын сомаға толтырыңыз.
Тағы да тең нәтиже тіркеледі ме?
Алғашқы ойын күнінің тартысқа толы матчы 1-наурызда Түркістан қаласында өтеді. Шымкенттік «Ордабасы» бітіспес қарсыластарының бірі «Ақтөбе» клубын «Түркістан Арена» стадионында қабылдайды.
«Ордабасы» соңғы рет «Ақтөбе» клубынан сонау 2019 жылы басым түскенін ескерсек, алдағы ойын шымкенттік команда үшін де қосымша мотивация болатыны анық.
«Ақ-қызылдар» өз кезегінде чемпионаттың алғашқы турынан бастап жанкүйерлеріне керемет көңіл күй сыйлауды көздейді.
Жалпы алғанда командалар өзара 74 рет кездесіп, 15 ойында «Ордабасы» жеңісті тойласа, 33 ойында «Ақтөбе» басым болған, қалған 26 ойында тең есеп тіркелді.
Бұл матчқа Tennisi.kz букмекерлік компаниясы мынандай коэффициенттерді ұсынады: «Ордабасы жеңісіне 2.35, «Ақтөбе» жеңісіне 2.80, тең нәтижеге 3.40.
Ел чемпиондары жаңа маусымды жеңіспен бастай алады ма?
Премьер-лиганың алғашқы турындағы алпауыттар шайқасы, яғни «Астана» мен «Қайрат» арасындағы матч 2-наурызда «Астана Арена» стадионында өтеді.
Елордалық «Астана» бұл «Ел-класикасына» маусым аралық үзілісте тыңғылықты дайындалды. Өткен маусымдағы негізгі құрамды сақтап, жаңа ойыншылармен де толықты.
«Қайрат» өткен аптада Суперкубокты жеңіп, жанкүйерлерін жаңа трофеймен қуантты.
Өткен маусымда командалар екі мәрте кездесті. Біреуінде Бабааян шәкірттер 3:1 есебімен жеңіске жетсе, енді біреуінде алматылықтар 1:0 есебімен жеңіске жетті.
Tennisi.kz «Астананың» жеңісіне 2.14, «Қайраттың» жеңісіне 3.10, ал тең нәтижеге 3.48 коэффициентін ұсынады.
1-турдың қалған матчтарына Tennisi.kz ұсынған коэффициенттер:
«Атырау» (2.52) – «Елімай» (2.60)
«Тобыл» (1.46) – «Ұлытау» (6.50)
«Қайсар» (2.47) – «Жеңіс» (2.72)
«Қызылжар» (2.26) – «Жетісу» (2.88)
Матчтарға ең қызық бәстерді Tennisi.kz сайтынан немесе мобильді қосымшасынан таба аласыздар.