Бекзат Алмахан UFC 315 турнирінде жекпе-жек өткізеді. Қарсыласы белгілі

Бекзат Алмахан UFC 315 турнирінде жекпе-жек өткізеді. Қарсыласы белгілі

Бекзат Алмахан UFC 315 турнирінде Брэд Катонамен жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бекзат Алмахан 11 мамырда Канададағы турнирде өнер көрсетеді. Бүгін қазақстандық файтер виза алғанын хабарлады.

Алмахан үшін бұл UFC-дегі екінші жекпе-жек болмақ. Ол былтыр наурызда дебюткін өткізіп, алғашқы раундта Умар Нурмагомедовты мансабындағы алғашқы нокдаунға жіберген, алайда төрешілер шешімімен жеңілген еді. Бекзат бұл жекпе-жекке өте қысқа мерзімде келісіп, ұзаққа созылған виза рәсімдеуіне байланысты Лас-Вегасқа жекпе-жек аптасында ғана ұшып барған болатын. Ал жекпе-жектен кейін аяғынан жарақат алып, ота жасатты.

Қарсыласы канадалық Брэд Катона (ММА-де 14-4, UFC-де 4-4) болады. Катонаның UFC-дегі барлық сегіз жекпе-жегі төрешілер шешіміне дейін жеткен. Ол мансабында ешқашан мерзімінен бұрын жеңілген емес. 2019 жылы Катона болашақ чемпион Мераб Двалишвилимен толық үш раундтық айқас өткізген.

33 жастағы Катона The Ultimate Fighter шоуында екі рет жеңіске жеткен – 2018 жылы алғаш қатысқан кезінде Брайс Митчеллді қылқындыру әдісімен жеңді. 2021 жылы UFC-ден кеткен соң, Bravе ұйымында төрт жекпе-жек өткізіп, чемпиондық белбеу иеленіп, қайтадан UFC-ге оралған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или