Йозуа Киммихке «Арсенал» қызығушылық танытуда

Йозуа Киммихке «Арсенал» қызығушылық танытуда


Германия құрамасы мен «Баварияның» жартылай қорғаушысы Йозуа Киммих Англия Премьер-лигасына ауысуы мүмкін.

Белгілі инсайдер Флориан Платтенбергтің мәліметінше, неміс ойыншысы «Арсеналға» өтуі ықтимал. Қазіргі уақытта лондондық клуб футболшымен келіссөз жүргізіп жатыр.

«Бавария» Киммихке жаңа келісімшарт ұсынғанымен, оның жалақысын 20-22 миллион еуродан көтере алмайды. 30 жастағы жартылай қорғаушының мюнхендік клубпен келісімі осы жылдың жазында аяқталады.

Осы маусымда Киммих «Бавария» сапында 36 матчқа қатысып, 1 гол соғып, 12 нәтижелі пас берген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или