Анастасия Городко фристайл-могулдан елімізде өтіп жатқан Әлем кубогының финалына шықты

Алматыда фристайл-могулдан Әлем кубогының кезеңі басталды. Әйелдер арасында қазақстандық спортшы Анастасия Городко турнирдің финалына өтті.
Бірінші финалда Городко 71,67 ұпай жинап, алтыншы орын алды. Бұл нәтиже оған негізгі финалға шығып, Әлем кубогының жүлдесі үшін күресуге мүмкіндік берді.
Юлия Галышева 70,91 ұпаймен жетінші орынға тұрақтап, жарысты аяқтады.
Айта кетейік, ерлер арасында финалға шығу үшін Павел Колмаков сынға түседі.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или