Шаңғы жарысынан Қытай чемпионатында екі қандасымыз 3 алтын медаль жеңіп алды

Қытайдың Алтай қаласындағы Сарыбұлақ шаңғы базасында өткен Қытайдың Ұлттық чемпионатында қандастарымыз үш алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты inform.kz-ке сілтеме жасап.
«Қытайдың қарлы астанасы» аталатын Алтай қаласында 24 ақпаннан бері өтіп жатқан ел біріншілігінде Қытайдың түкпір-түкпірінен келген 18 команда бақ сынап жатыр. Жеті күнге жалғасатын аталған жарыстың 3-ші күнгі қортыныдысы бойынша екі қандасымыз 3 алтын медаль қанжығалаған.
Жарыстың алғашқы күнінде ерлер арасындағы қудалау (персьют) жарысында Шыңжаң шаңғы командасының спортшысы Самғар Серікұлы алтын медаль олжалады. Ал 25 ақпанда ерлер арасындағы қысқа қашықтыққа жүгіруде (жеке спринт) Шыңжаң шаңғы командасының спортшысы Ернар Әбділханұлы чемпион атанды. Сонымен бірге жарыстың үшінші күні ерлер арасындағы 10 шақырымдық классикалық стильдегі жарыста Самғар Серікұлы тағы да алтын медаль жеңіп алған.