«Тұран» Абылайхан Жұмабекті ресми таныстырды

«Тұран» қазақстандық шабуылшы Абылайхан Жұмабекпен келісімшартқа отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Абылайхан Жұмабек «Тұран» командасына ресми қосылды.
Абылайхан Жұмабек Тараз академиясының түлегі. Абылайхан мансабында «Тараз», «Ақтөбе», «Жетісу» командаларында өнер көрсетті.
Ол өзі ойнаған командалар сапында 88 матчта 19 гол соғып, 7 нәтижелі пас берді.
Ол Қазақстан жастар құрамасы сапында жеті ойында үш гол соғып, ұлттық құрама сапында екі ойынға қатысты», - делінген хабарламада.
Айта кетейік, Қазақстан Премьер-лигасының өткен маусымында «Тұран» 12-ші орын алған болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или