Норвегияда шаңғы спортынан әлем чемпионаты басталды

Норвегияда шаңғы спортынан әлем чемпионаты басталды

Бүгін араға 28 жыл салып, шаңғы жарысынан кезекті әлем чемпионатын Норвегияның Тронхейм қаласында жалауын желбіретті.

Естеріңізге сала кетсек, атақты Гранесен трассасында 1997 жылғы әлем чемпионатында тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Олимпиада чемпионы Владимир Смирнов бақ сынап, 10 шақырымға классикалық әдіспен жарыста 4-орын алған болатын.

Міне, бүгін сол жарыс алаңында спринт бәсекесінен (1,4 шақырым) ерлер мен әйелдер алғашқы жүлдені сарапқа салды.

Аталған доданы тамашалауға 20 мыңға жуық жанкүйер жиналып, спортшыларға қолдау көрсетті.

Аталған бәсекеге Қазақстан спортшылары да қатысып жатыр. Өкінішке қарай отандастарымыз үздіктер қатарынан көріне алған жоқ.

Қазақстандық спортшылардың нәтижесі:

Ерлер - 63 ел, 183 спортшы

62- орын – Святослав Матасов - 2:52.30

73- орын – Константин Борцов - 2:54.98

81- орын – Ернар Нұрысбеков - 2:56.86

88- орын – Олжас Климин - 2:59.03

Әйелдер - 47 ел, 121 қатысушы

45- орын – Дарья Рожко - 3:17.87

48- орын – Надежда Степашкина - 3:18.63

58- орын – Ангелина Шурыга - 3:23.31

66- орын – Ксения Шалыгина - 3:30.07

Шаңғыдан кезекті бәсеке 1 наурызда жалғасады.

Дереккөз: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или