Түркістандық «Тұран» бір күнде қатарына тоғыз легионер қосты

«Тұран» жаңа маусым басталар алдында жаңа ойыншыларды қатарына қосып жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бүгін түркістандық ұжым сапына өзбек Бекрузбек Асқаров, белорус Руслан Юденков және черногориялық Горан Милойко.
21 жастағы Бехрузбек Асқаров Өзбекстанның «Пахтакорынан» жалға алынды - келісім бір маусымға жасалған. Өткен маусымда ол 25 матч өткізіп, бір гол соғып, бір нәтижелі пас берді. Руслан Юденковтың соңғы клубы «Қайсар» болды: 2024 жылғы ҚПЛ-да беларусь 23 матч өткізіп, бес гол соғып, бір нәтижелі пас берді. Горан Милойко да «Қайсар» сапында өткен маусымда 19 матчта екі гол соғып, екі нәтижелі пас авторы атанды.
Еске салайық, бұған дейін 27 ақпан, бейсенбі күні «Тұран» тағы алты легионермен келісімшартқа отырғанын хабарлаған болатын: қақпашы Егор Хаткевич, қорғаушылар Хуршид Мухторов пен Йован Пажович, жартылай қорғаушы Василий Совпел және шабуылшылар Константин Дорофеев пен Лука Згурский.