Жалғас Жұмағұлов бұрынғы UFC файтерін жеңді

Жалғас Жұмағұлов бұрынғы UFC файтерін жеңді

Қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов (17-9) Павлодарда өткен Fight Nights турнирінде өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жұмағұлов бокстың ережесі бойынша бұрынғы UFC спортшысы, америкалық Джастин Скоггинспен (15-7) жекпе-жек өткізді. Бұл жекпе-жекте қазақстандық файтер төрешілердің бірауыздан қабылданған шешімімен жеңіске жетті.

Осылайша, Жалғас Жұмағұлов кәсіпқой бокстағы екінші жеңісіне қол жеткізді.

Еске салайық, Жалғас желтоқсанда кәсіпқой рингте дебютін өткізіп, норвегиялық Раванда Оубаны (1-1, 0 КО) төрешілер шешімімен жеңген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или