Fight Nights Boxing турнирінің тікелей трансляциясы: Жұмағұлов пен Рафиков өнер көрсетеді

Fight Nights Boxing турнирінің тікелей трансляциясы: Жұмағұлов пен Рафиков өнер көрсетеді

Бүгін, 27 ақпанда, Павлодарда Betcity Fight Nights Boxing бокс турнирі өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Басты жекпе-жекте 31 жастағы ММА файтері Фаниль Рафиков (ММА-де 24-6) пен 35 жастағы ресейлік кикбоксшы Ахмед Алиев (ММА-де 22-8) кездеседі. Екеуі де кәсіпқой бокста алғаш рет өнер көрсетеді.

Кештің тағы бір басты жекпе-жегінде ММА файтерлері — 36 жастағы қазақстандық Жалғас Жұмағұлов (ММА-де 17-9, бокста 1-0) пен 35 жастағы америкалық Джастин Скоггинс (ММА-де 15-7) шаршы алаңға шығады.

Турнирдің тікелей трансляциясы Нұр-Сұлтан уақытымен 18:30-да басталып, Qazsport телеарнасынан көрсетіледі.

2024 жылдың 20 желтоқсанында Жұмағұлов Астанада өткен Betcity Fight Nights Boxing турнирінде норвегиялық Раванда Оубаны төрт раундта жеңген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или