2023 жылғы ҚПЛ-дың үздік қақпашысы «Тұранға» ауысты

2023 жылғы ҚПЛ-дың үздік қақпашысы «Тұранға» ауысты


Түркістанның «Тұран» футбол клубы Беларусь қақпашысы Егор Хаткевичпен келісімшартқа қол қойғанын ресми түрде жариялады.

Өткен маусымда Хаткевич «Атырау» сапында өнер көрсетіп, түрлі турнирлерде 28 матчқа қатысты. Осы ойындардың 12-сінде қақпасын голдан аман сақтап, сенімді ойынымен көзге түсті.

Айта кетейік, «Тұранның» бас бапкері Виталий Жуковский бұған дейін «Атырауды» басқарған. Енді ол Хаткевичпен жаңа командада қайта жұмыс істейтін болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или