«Атырау» Қазақстан жастар құрамасының шабуылшысын қатарына қосты

Қазақстандық шабуылшы Ян Труфанов ресми түрде «Атырау» клубының ойыншысы атанды, деп хабарлайды Қазақстан Премьер-лигасының баспасөз қызметі.
Белгілі болғандай, 20 жастағы форвард маусым соңына дейін «мұнайшылар» сапына жалға берілді.
Айта кетейік, Труфанов мансабында алматылық «Қайрат» пен елордалық «Жеңіс» командаларында өнер көрсеткен.
Сондай-ақ, Ян Қазақстанның 21 жасқа дейінгі жастар құрамасында ойнап, екі гол соққан.
Еске сала кетейік, дарынды футболшының трансферлік құқығы «Қайрат» клубына тиесілі.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или