Гвардиола Хусановтың ойынына баға берді
«Манчестер Ситидің» бас бапкері Хосеп Гвардиола командаға жаңадан келген өзбекстандық Абдукодир Хусановтың ойынына баға берді, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Ол футбол ойнауға келді... және онымен сөйлескенде, ол үнемі күледі! Бірақ ол сенімді ойыншы... өте жылдам және оның пас беру сапасы ерекше. Әрине, ол әлі де өсе түсуі керек, оның жасы 20-да, әлі жас... Адамдар оны жақсы көреді», - деп келтірді Гвардиоланың сөзін журналист Романо.
Футболшы ағылшын клубына 2025 жылы 20 қаңтарда ауысқан. Хусановтың «Манчестер Ситимен» келісімшарты 2029 жылдың 30 маусымына дейін жарамды.
Transfermarkt порталы хабарлағандай, клуб қорғаушы үшін 40 миллион еуро төленген.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или