«Болонья» – «Милан». Еурокубок жолдамасына кім үміткер болады?

2024/2025 жылғы Италия А сериясының 9-туры аясындағы «Болонья» - «Милан» матчы кейінге шегерілген, сол матч Қазақстан уақыты бойынша ақпанның 27-нен 28-іне қараған түні өтеді. 26 қазанға жоспарланған матч Болоньяда жауған қатты жаңбыр себебінен кейінге шегерілген.
Tennisi.kz букмекерлік компаниясы дәл қазір пайдаланушыларға негізгі шотқа 4000 теңге береді. Оны алу үшін Tennisi.kz сайтында немесе қосымшасында тіркеліп, тіркеу кезінде dop24 промокодын енгізіп, шотты 3 000 теңгеден басталатын сомаға толтырыңыз.
Қазір қос команда да 41 ұпай жинап, А сериясында алғашқы сегіздікте тұр. Бірақ миландық команда қосымша көрсеткіштер бойынша қарсыласынан жоғары орналасқан. Сондықтан қонақтар да, алаң иелері жеңіске жетіп, турнирлік кестеде жоғары көтерілуге ынталы. Матч жеңімпазы бірден алтыншы орынға көтеріліп, еурокубок аймағына енеді, егер кездесу тең аяқталса, турнирлік кестедегі бәсекелестік сәл басқаша өрбиді.
Айта кетерлігі, болондық клуб кейінгі кезде өте сенімді өнер көрсетіп жүр – кейінгі он бір кездесудің біреуінде ғана жеңілді. Бірақ өткен турда сырт алаңда «Пармаға» 0:2 есебімен есе жіберді. Команда Еурокубоктар жолдамасына таласатын тікелей бәсекелесына қарсы бар күшін сала ойнайтыны анық.
«Болоньея» биылғы Италия чемпионатында төрт матчта ғана жеңілді – бұл көрсеткіш бойынша «Ювентус» пен «Интерден» ғана қалып тұр. Бірақ команданың «Миланмен» жеке кездесудегі статистикасы көңіл көншітпейді: 2016 жылы мамырдан бері қатарынан 17 матч бойы миландық клубты жеңе алмай жүр. «Милан» сырт алаңда соңғы рет «Болоньеядан» 2002 жылы жеңілген.
Tennisi.kz букмекерлік компаниясы «Болоньяның» жеңісіне – 2.82 коэффициент, «Миланның» жеңісіне – 2.58 коэффициент ұсынып отыр. Ал матч тең аяқталады деген бәске – 3.26 коэффициент берген.
Сондай-ақ, алаң иелері 1.5-тен көп гол соғады деген бәске – 2.56 коэффициент беріп отыр. Өйткені команда өз алаңындағы кейінгі 6 матчта және кейінгі 18 матчтың 12-сінде кемінде 2 гол соққан. Бұдан бөлек бірінші тайм тең аяқталып, матч аяғында «Милан» жеңіске жетеді дегенге – 6.4 коэффициент ұсынған.
«Болонья» – «Милан» матчының тікелей трансляциясы ақпанның 27-нен 28-іне қараған түні Астана уақытымен 00:45-те басталады. Ойынды мына сілтеме арқылы көруге болады.
Матчтарға ең қызық бәстерді Tennisi.kz сайтынан немесе мобильді қосымшасынан таба аласыздар.