«Реал» Испания кубогының 1/2 финалында «Реал Сосьедадты» жеңді
«Реал Сосьедад» пен «Реал Мадрид» арасында Испания кубогының бірінші жартылай финалдық ойыны өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кездесу Сан-Себастьяндағы «Реал Аренада» өтіп, «Реал Мадрид» жеңіске жетті.
Бұл кездесудегі жалғыз голды 19-минутта «Реалдың» бразилиялық шабуылшысы Хендрик соқты. Англия құрамасының жартылай қорғаушысы Джуд Беллингем нәтижелі пас берді.
Реал Сосьедад (Сан-Себастьян) – Реал (Мадрид) 0:1 (0:1)
Гол соққан: Эндрик 19 (0:1)
Жеңімпаз екі матчтың қортындысы бойынша анықталады. Қарымта кездесу 1 сәуірде Мадридте өтеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или