Су добынан Қазақстан әйелдер құрамасы Азия чемпионатындағы екінші жеңісіне қол жеткізді

Су добынан Қазақстан әйелдер құрамасы Азия чемпионатындағы екінші жеңісіне қол жеткізді

Чжаоцинде су добынан Азия чемпионаты жалғасуда. Қазақстан әйелдер құрамасы турнирдегі екінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Екінші ойында қазақстандық су добы шеберлері Гонконг құрамасын сенімді түрде жеңді. Кездесу 25:6 есебімен аяқталды.

Айта кетейік, алғашқы матчта да отандастарымыз Сингапурды ірі есеппен жеңген болатын.

Жалпы, Азия чемпионатына алты команда қатысып, айналмалы жүйе бойынша өзара ойын өткізіп жатыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или