Қазақстанда бес жыл ойнап жүрген легионер ҚПЛ-да жаңа клуб тапты

Қазақстанда бес жыл ойнап жүрген легионер ҚПЛ-да жаңа клуб тапты

Legalbet.kz мәліметінше, сербиялық жартылай қорғаушы Никола Цуцкич Қазақстан чемпионатының Бірінші лигасынан ҚПЛ-ға көтерілген «Оқжетпес» ойыншысы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Иә, мен қазір «Оқжетпестемін». Бір жылға келісімшартқа қол қойдым. Бірақ әзірге мені клуб ойыншысы ретінде таныстырған жоқ. Неліктен екенін білмеймін», – деді футболшы.

27 жастағы орталық жартылай қорғаушы Цуцкич 2020 жылдан бері Қазақстанда ойнап келеді. Осы уақыт ішінде «Ақтөбе», «Каспий», «Жетісу» және «Тұран» командаларында өнер көрсетті. Жалпы, ҚПЛ-да 93 матч өткізіп, 9 гол соғып, 6 нәтижелі пас берді (2024 жылы – 21 ойын, 4 гол).

Transfermarkt бұл ойыншының қазіргі нарықтық құнын 300 мың еуро деп бағалайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или