Қазақстандық балуан Алматыда Олимпиада жүлдегерін жеңді

Қазақстандық балуан Алматыда Олимпиада жүлдегерін жеңді

Қазақстандық грек-рим балуаны Азамат Дәулетбеков Алматыда өтіп жатқан PWL 8 (Кәсіпқой күрес лигасы) турнирінде бақ сынады, деп хабарлайды Prosports.kz.

86 келіге дейінгі салмақта Дәулетбеков беларусь палуаны Магомедхабиб Кадимагомедовтен басым түсті. 

Қазақстандық үш дүркін Азия чемпионы (2022, 2023, 2024) және 2023 жылы Белградта (Сербия) өткен күрес түрлерінен әлем чемпионатының қола жүлдегері.

Кадимагомедов 2020 жылы Жапония астанасы Токиода өткен Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или