Қазақстан әйелдер құрамасы су добынан Азия чемпионатын жеңіспен бастады

Қазақстан әйелдер құрамасы су добынан Азия чемпионатын жеңіспен бастады

Су добынан Қазақстан әйелдер құрамасы Азия чемпионатында жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бүгін Қытайдың Чжаоцин қаласында ерлер мен әйелдер арасында ватерполдан Азия чемпионаты басталды.

Әйелдер арасында 6 команда - Қазақстан, Қытай, Жапония, Сингапур, Өзбекстан, Гонконг айналма жүйе бойынша кім мықтыны анықтайды.

Ұлттық құрама бірінші матчта 12-6 есебімен Сингапурды жеңді.

Қазақстан - Сингапур 12-6

Голдар:

2 голдан - Каплун, Рахманова, Новикова, Руднева, Миршина

1 голдан - Глухова, Набиева

Ерлер арасындағы турнирге 9 команда қатысады. Олар 2 кіші топқа бөлінген. Қазақстан өз тобында Қытай, Сингапур және Гонконгпен ойнайды. Бүгін бірінші матчта біздің спортшылар жарыс қожайынымен кездеседі.

Айта кетейік, бәсеке финалистері шілдеде Сингапурда өтетін әлем чемпионатына жолдама алады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или