«Барселона» апта ортасында мадридтік «Атлетикомен» кездеседі

Еурокубок матчтары бұл аптада болмаса да, жоғары деңгейдегі футбол жетерлік. Англияда АПЛ-дың кезекті «мидвик» өтеді, ал басқа топ-лигаларда ішкі кубоктарда үзіліс жарияланған. Испанияда Король кубогы жартылай финалға жетіп, бұл кезеңде елдің үш басты клубы да бар. Бұл мақалада «Барселона» мен «Атлетико» арасындағы кездесуді қарастырамыз. Матч 26 ақпанға қараған түні, Нұр-Сұлтан уақытымен 01:30-да өтеді.
Tennisi.kz букмекерлік компаниясы дәл қазір пайдаланушыларға негізгі шотқа 4000 теңге береді. Оны алу үшін Tennisi.kz сайтында немесе қосымшасында тіркеліп, тіркеу кезінде dop24 промокодын енгізіп, шотты 3 000 теңгеден басталатын сомаға толтырыңыз.
«Барселонаның» Испания кубогындағы жолы оңай болды: «Барбастро», «Бетис» және «Валенсияны» жалпы 14:1 есебімен жеңді. Флик командасында бұл ойындарда ротация көп болмады. Тіпті қарапайым «Барбастроға» қарсы ойында Левандовски, Кунде, Педри және Араухо секілді жұлдыздар алаңға шықты.
«Барселона» Ла Лигада жақында «Реал» мен «Атлетиконың» сүрінгенін пайдаланып, бірінші орынға көтерілді. Қазір команда қатарынан 13 матчта жеңілмей келеді. Соңғы жеңіліс желтоқсан айының екінші жартысында дәл осы «Атлетикодан» чемпионат аясында тіркелді. Ол кезде «Атлетико» 96-минутта Александер Серлоттың голының арқасында жеңіске жеткен.
«Атлетико» кубоктың жартылай финалына дейін көбірек ойын өткізді. Олар «Вик» (2:0), «Касереньо» (3:1), «Марбелья» (1:0), «Эльче» (4:0) және «Хетафені» (5:0) жеңді. Диего Симеоне бұл турнирде басынан-ақ негізгі құрамды шығаруды жөн көрді. Тіпті Испания футболының төменгі дивизионында ойнайтын «Викке» қарсы матчта да команда барынша толық құрамда өнер көрсетті. Қожайындар ұзақ қарсылық көрсетті, бірақ соңғы 10 минутта алаңға шыққан Хулиан Альварес дубль жасап, мадридтіктерді келесі кезеңге алып шықты.
«Атлетиконың» алдағы 8 матчында «Барселонамен» үш және «Реалмен» екі кездесуі бар. Бұл Диего Симеоне командасы үшін ең қиын кезеңдердің бірі болмақ. Өйткені дәл осы матчтарда олар барлық турнирдегі тағдырын шешеді. Испания кубогында финал жолдамасы, Ла Лигада чемпиондық жарыс, ал Чемпиондар лигасында ширек финалға шығу мәселесі шешіледі.
Жартылай финалдың екінші жұбында мадридтік «Реал Мадрид» пен «Реал Сосьедад» кездеседі. Бірінші матч 27 ақпанға қараған түні өтеді.
Tennisi.kz букмекерлік компаниясы «Барселона» мен «Атлетико» арасындағы алғашқы ойынға келесідей коэффициенттер ұсынады: «Барселонаның» жеңісі – 1.69, «Атлетиконың» жеңісі – 4.50, тең ойын – 4.25. Жартылай финал екі матчтан тұратындықтан, финалист тек Мадридтегі қарымта ойында анықталады. «Барселонаның» финалға шығуына – 1.52 коэфициенті , ал «Атлетикоға» – 2.54. берілген
Tennisi.kz-те ерекше ұсыныстар да бар. Мысалы, испаниялық клубтың осы маусымда дубль (чемпионат пен кубок) жасайтынына 2.90 коэффициентімен бәс қоюға болады. Сондай-ақ Антони, Николас Джексон немесе Харри Магуайр «Алтын доп» алады деген болжамға 300.00 коэффициенті берілген.
Матчтарға ең қызық бәстерді Tennisi.kz сайтынан немесе мобильді қосымшасынан таба аласыздар.