Қазақстандық 25 дзюдошының екеуі ғана Еуропа ашық кубогінде жүлде алды

Қазақстандық 25 дзюдошының екеуі ғана Еуропа ашық кубогінде жүлде алды

Польша астанасы Варшавада өткен дзюдодан Еуропа ашық кубогінде Қазақстанның екі балуаны жүлдегерлер тұғырына көтерілді, деп хабарлайды Prosports.kz 

Айта кетерлігі, айтулы турнирге біздің елден 25 дзюдошы аттанған болатын.

Бір қызығы, жүлде алған екі балуан да бір салмақта – 60 келіде күресті. Екеуі финалға шығып, Шерзод Давлатов чемпион атанса, Бақытжан Аман күміс жүлдені місе тұтты.

Ал, қалған 23 дзюдошының бәрі жүлдесіз қайтты. 66 келіде күрескен Бауыржан Нарбаев қола жүлде үшін таласта украиналық Дубина Хлибке есе жіберсе, 73 келіде күрескен Ықылас Әлсейіт Португалия дзюдошысы Квантидзе Отариден жеңілді.

Дереккөз: 1bol.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или