Қазақстан волейболшылары 1 млн теңге жалақы сұрай бастады

Қазақстан волейболшылары 1 млн теңге жалақы сұрай бастады

Легионерлер туралы жаңа заң қабылданар алдында 500 мың айлық алатын волейболшылар 1 млн теңге жалақы сұрай бастады,  деп хабарлайды Prosports.kz 

Қазақстанда легионерлер туралы заң қабылданғалы жатыр. Ол заң бюджет қаражатынан шетелдік спортшыларға жалақы төленбеуі тиіс. Мұны естіген отандық спортшылар жаңа келісімшартқа қол қояр алдында жалақыларын көтеріп алуға ниетті. Мысалы, волейболдан Ұлттық лигада ойнайтын алғашқы қадам бастап кетіпті. 

Бұрын Қазақстанда қосалқы құрамда отырған орта деңгейлі волейболшылардың жалақысы 500 мыңнан аспаған. Енді олар 1 миллион теңгеден кем берсеңдер ойнаймыз деп қиғылық салып жатқан көрінеді. Айта кетейік, волейболдан әйелдер арасындағы Ұлттық лигада 10 клуб ойнайды. 

Еске салсақ, жаңа заңға сәйкес, Қазақстанның клубтарында ойнап жүрген миллиондаған айлық алатын легионерлер мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылмайтын болады. Бұл заң Мәжілістен өтіп, Сенат қарауына жіберілген.

Дереккөз: 1bol.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или