Қазақстан және БАӘ каратэ федерациялары меморандумға қол қойды

Бүгін Фуджайра қаласында Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктерінің каратэ федерациясы ынтымақтастық жөнінде меморандумға қол қойды.
Қазақстан каратэ федерациясының баспасөз қызметі мәлім еткендей, тараптар арасындағы жиынға Қазақстан каратэ федерациясының вице-президенті Болат Хавлахат, БАӘ-нің каратэ федерациясының президенті, генерал-майор Нассер Әл-Разуки мен Қазақстанның Дубай қаласындағы Бас консулы Алмаз Тасболат қатысты.
Тараптар біраз пікір алмасқаннан кейін Болат Хавлахат пен Азия каратэ федерациясының вице-президенті Рашид әл-Әли мырза маңызды құжатқа қол қойды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или