WTA рейтинг жаңартты. Путинцева бір саты көтерілді

WTA рейтинг жаңартты. Путинцева бір саты көтерілді

Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) рейтинг жаңартты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Беларусь өкілі Арина Соболенко көшбасындағы орнын сақтап қалды, поляк Ига Швёнтек екінші, ал америкалық теннисші Кори Гауфф үшінші орына жайғасқан.

Қазақстанның ең мықты өкілі Елена Рыбакина жетінші болып қалды. Еске салайық, Дубайда Рыбакина жартылай финалда болашақ жеңімпаз ресейлік Мирра Андреевадан жеңілген болатын. Андреева турнирде жеңіске жеткені үшін 1000 рейтингтік ұпай алып, 14-орыннан тоғызыншы орынға көтерілді.

Тағы бір қазақстандық спортшы Юлия Путинцева бір саты жоғарылап, қазір 22-орынға жайғасты.

Жұптық сайыста чехиялық Катерина Синякова көш бастап тұрса, америкалық Тейлор Таунсенд жаңа зеландиялық Эрин Роутлифті үшінші орынға ығыстырып, екінші орынға көтерілді.

Қазақстандық Анна Данилина позициясын бір позицияға жақсартып, 18-ші орынға тұрақтады. Путинцева бірден 24 сатыға көтерілді – 81-ші орын. Жібек Құламбаева 158-орыннан 157-орынға көтерілді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или