OCTAGON 70: Еркебұлан Тоқтар Камиль Каратені техникалық нокаутпен жеңді

Алматыдағы OCTAGON 70 турнирінің басты жекпе-жегі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
BMF титулы үшін жекпе-жекте танымал қазақстандық актер әрі файтер Еркебұлан Тоқтар (9-3) мен тәжікстандық Камиль Каратэ (7-2) кездесті.
Аса тартысты өткен жекпе-жек төртінші раундта аяқталды. Раундтың екінші минутында Тоқтардың оң жақтан жасаған ауыр соққысынан Камиль Каратенінің жақ сүйегі сынып кетті. Тәжікстандық файтер кездесуді жалғастыра алмады. Осылайша, Еркебұлан Тоқтар техникалық нокаутпен жеңіске жетіп, BMF титулына ие болды.
Айта кетейік, 19 сәуір күні Алматыда OCTAGON 71 турнирі өтеді, оның басты жекпе-жегінде ең төменгі салмақта қазақстандық Аян Тұрсын (7-0) қырғызстандық Фарида Абдуеваға (4-1) қарсы титулын қорғайды.
Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі.
OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы
OCTAGON 69 турнирінің ресми серіктесі - Gorilla Energy Drink