Қазақстандық дзюдошылар Еуропа кубогында жүлделі орындарға ие болды

Қазақстандық дзюдошылар Еуропа кубогында жүлделі орындарға ие болды


Польшаның Варшава қаласында 22-23 ақпан күндері өтіп жатқан European Open турнирінде қазақстандық дзюдошылар алтын мен күміс медаль жеңіп алды.

60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында Шерзод Давлатов пен Бақытжан Аман кездесіп, жүлдеге таласты. Тартысты белдесуде Шерзод басымдық танытып, чемпион атанды. Ал Бақытжан жарысты күміс жүлдемен аяқтады.

Айта кетейік, турнирге әлемнің 45 елінен 551 спортшы қатысқан.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или