OCTAGON 70 турнирі. Тікелей трансляция.

OCTAGON 70 турнирі. Тікелей трансляция.

Жексенбі, 23 ақпанға Алматыда «Чемпиондар түні» ұранымен өтетін OCTAGON 70 мерейтойлық турнирінің мега-іс-шарасы жоспарланған, деп хабарлайды Prosports.kz.

BMF титулына арналған турнирдің басты сайысында қазақстандық танымал актер және файтер Еркебұлан Тоқтар (9-3) мен жанжалды тәжікстандық Камиль Каратэ (7-2) октогонда кездеседі.

Екінші басты кездесуде ұйымның жартылай орта салмақтағы чемпионы Георгий «Рыцарь» Кичигин (31-11) өзбекстандық Сайдатахон Нуриддиновке (6-1) қарсы белбеуін қорғайды.

Жеңіл салмақта Өзбекстан чемпионы Достон Бозоров (11-1) отандасы Мавлонбек Миркомиловқа (8-2-1) қарсы төбелеседі.

Аса ауыр салмақта қазақстандық екі мықты– Кәрім Рузбакиев (9-2) мен Константин Меркулов (5-3) бос чемпиондық белбеу үшін таласады.

Турнирге арналған толық жекпе-жек кардымен мына СІЛТЕМЕ арқылы таныса аласыз.

Жекпе-жек кешінің тікелей трансляциясы Қазақстан уақыты бойынша сағат 17:00-де басталып, оны OCTAGON TV ресми YouTube арнасында көруге болады.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или