Футзалдан УЕФА Чемпиондар лигасының «Төрттік финал» жеребесі тартылды

Футзалдан УЕФА Чемпиондар лигасының «Төрттік финал» жеребесі тартылды

Футзалдан УЕФА Чемпиондар Лигасының жартылай финалындағы «Қайрат» футзал клубының қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz 

Бүгін футзалдан УЕФА Чемпиондар Лигасының жартылай финалындағы қарсыластары белгілі болды. Жеребе қорытындысы төмендегідей:

  • «Қайрат» – «Картахена» 
  • «Пальма футзал» – «Спортинг»

Еске сала кетейік, УЕФА Чемпиондар Лигасының «Төрттік финал» ойындары Францияның Ле-Ман қаласында 2-4 мамыр аралығында өтеді.

Төрттік финалда Чемпиондар лигасының қазіргі чемпионы «Пальма» (Испания), турнир дебютанты «Картахена» (Испания), екі дүркін кубок иегерлері «Қайрат футзал» және «Спортинг» (Португалия) қатысады. 

Жарыстың жартылай финалы 2 мамырда «Антарес Арена» спорт кешенінде, ал финал мен үшінші орын үшін матч 4 мамырда өтеді.

 «ҚАЙРАТ ФУТЗАЛ» Бас серіктесі – «Самрұқ Қазына» ҰӘҚ» АҚ.

 «ҚАЙРАТ ФУТЗАЛ» серіктесі - «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» КҚ

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или