Қазақстан құрамасы тректегі велоспорттан Азия чемпионатында үшінші орынға ие болды

Тректегі велоспорттан Қазақстан ерлер құрамасы Малайзияның Нилай қаласында өткен Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Илья Карабутов, Максим Хорошавин, Дмитрий Носков және Әлішер Жұмақан командалық жарыста үшінші орынға ие болды. Жарыс қорытындысы бойынша отандастарымыз 03:59.215 уақыт көрсеткішімен мәре сызығын кесті.
Алтын медаль Оңтүстік Кореяға бұйырды, ал Жапония күміс жүлдегер атанды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или