Қазақстан Суперкубогы: «Қайрат» — «Ақтөбе» матчының тікелей трансляциясы

Қазақстан Суперкубогы: «Қайрат» — «Ақтөбе» матчының тікелей трансляциясы

Бүгін, 22 ақпанда «Астана Аренада» «Қайрат» пен «Ақтөбе» арасындағы Қазақстан Суперкубогы үшін ойын өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Қайрат» – «Ақтөбе» матчының тікелей трансляциясы Қазақстан уақыты бойынша сағат 15:00-де басталады, оны «Qazsport» телеарнасынан көруге болады.

Алматылықтар өткен маусымда чемпион атанды. Команда «Астанадан» бір ұпайға алға шықты.

«Ақтөбе» турнир кестесін 3-орынмен аяқтады. «Ақтөбе» де «Атырау» командасын 2:1 есебімен жеңіп, Қазақстан кубогының иегері атанды.

Кейінгі 5 бетпе-бет кездесуде «Қайрат» 1 рет қана жеңіске жетіп, 4 рет жеңілген.

Айта кетейік, «Ақтөбе» Қазақстан Суперкубогын үш рет жеңсе, «Қайрат» екі рет турнир жеңімпазы атанды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или