«Астана» велошабандозы «Вар департаментінің классикасында» жеңіске жетті

Бүгін Францияда «Вар департаментінің классикасы» біркүндік веложарысы өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жарыс жеңімпазы «Астана» велокомандасының италиялық шабандозы Кристиан Скарони атанды. Екінші орынды франциялық велошабандоз Поль Лапейра (Decathlon AG2R La Mondiale Team) алды. Үздік үштікті Decathlon AG2R La Mondiale Team командасының тағы бір шабандозы Виктор Лафей түйіндеді.
«Астана» шабандоздарының нәтижелері: Клеман Шампуссан — 7-орын, Лоренцо Фортунато — 21-орын, Никола Кончи — 22-орын, Даррен ван Беккум — 34-орын, Пьер-Анри Бассет — 60-орын. Ал Симоне Веласко бұл жарысқа қатысқан жоқ.
«Вар департаментінің классикасы». Ле-Люк — Файанс, 160 шақырым
1. Кристиан Скарони (Италия, «Астана») — 3:53:32
2. Поль Лапейра (Франция, Decathlon AG2R La Mondiale Team)
3. Виктор Лафей (Франция, Decathlon AG2R La Mondiale Team)
...
7. Клеман Шампуссан (Франция, «Астана») — +0:07
21. Лоренцо Фортунато (Италия, «Астана») — +0:17
22. Никола Кончи (Италия, «Астана»)
34. Даррен ван Беккум (Нидерланд, «Астана») — +0:33
60. Пьер-Анри Бассет (Франция, «Астана») — +1:43.