Елена Рыбакина Дубайда финалсыз қалды

Елена Рыбакина Дубайда финалсыз қалды

Бүгін Дубайдағы WTA 1000 турнирінің жартылай финалында қазақстандық теннисші Елена Рыбакина өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Әлемнің 7-ракеткасының қарсыласы 17 жастағы ресейлік теннисші Мирра Андреева болды. Ол карьерасында алғаш рет WTA 1000 санатындағы турнирдің жартылай финалына шыққан болатын.

Бұл кездесуде Рыбакина 4:6, 6:4, 3:6 есебімен қарсыласына жол беріп, турнирдегі өнерін аяқтады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Рыбакина жапониялық Моюка Утидзиманы 6:3, 6:2, испаниялық Паула Бадосаны 4:6, 7:6, 7:6 және америкалық София Кенинді 6:2, 7:6 есебімен жеңген болатын.

17 жастағы Андреева ширек финалда әлемнің екінші ракеткасы, польшалық Ига Швентекті 6:3, 6:3 есебімен жеңген еді.

Айта кетейік, Дубайдағы турнирінің жүлде қоры 3 664 963 долларды құрайды. Жеңімпаз 597 000 доллар мен 1000 ұпай иеленеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или