Кирилл Герасименко 1/8 финалға шыға алмады

Кирилл Герасименко 1/8 финалға шыға алмады

Кирилл Герасименко үстел теннисінен Қытайда өтіп жатқан Азия кубогындағы үшінші кездесуінде Оңтүстік Корея өкілі Ан Чже Сунмен кездесіп, 1:3 есебімен жеңілді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Осылайша қазақстандық спортшы топтан шығу мүмкіндігінен айырылды.

Бұған дейін Қазақстандық спортшы тайбэйлік Као Чэн-Юиді 3:2 есебімен жеңіп, Үндістан спортшысы Хармит Десаиға 2:3 есебімен жеңілген болатын.

Кириллдан бөлек Азия кубогында тағы екі қазақстандық спортшы сынға түсуде – Зауреш Акашева мен Сарвиноз Миркадирова. Екеуі де алғашқы екі кездесуінде жеңіліп, келесі кезеңге өте алмады.

Айта кетейік, турнир 23 ақпан күні өз мәресіне жетеді.



Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или