«Манчестер Сити» жаңа бапкер іздестіруде

«Манчестер Сити» жақын күндері бас бапкерін ауыстыруы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz
Чемпиондар лигасында – мадридтік «Реалдан» жеңіліп, АПЛ-де де сәтсіз ойнаған клуб Хосеп Гвардиоланы алмастыратын бапкер іздестіруде.
El Nacional басылымының хабарлауынша, «Манчестер Сити» тізгінін ұстауға дәл қазір Хаби Алонсо лайықты. Клуб қожайындары осындай шешімге келген сыңайлы. Дегенмен, Алонсоның «Байермен» келісімшарты 2027 жылдың жазында аяқталады.
Испан маманына тек «Ман Сити» ғана емес, мадридтік «Реал» да көз салып отыр. Өйткені, Карло Анчелотти осы маусымнан кейін зейнетке кетуді ойластырып жүр.
Айта кетейік, егер «Манчестер Сити» осы маусымда ешқандай трофей ұта алмаса онда Хочеп Гвардиоламен қош айтысады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или