«Тұранның» қорғаушысы ресейлік клубқа ауысты

«Тұранның» қорғаушысы ресейлік клубқа ауысты

«Тұранның» ресейлік қорғаушысы Иван Хомуха мансабын отанында жалғастырады, деп хабарлайды Prosports.kz.

30 жастағы футболшы 2020 жылдан 2021 жылға дейін және 2023 жылдан 2024 жылға дейін ойнаған Волгарға оралды. Өткен маусымда Хомуха «Тұран» құрамында Қазақстан Премьер-лигасында 12 матч өткізіп, бір гол соқты. Маусым қорытындысы бойынша түркістандық клуб 12-орын алып, ҚПЛ-дағы орнын сақтап қала алды.

Иван Хомуха кәсіпқой мансабында бұған дейін ресейлік «Спартак», «СКА-Хабаровск», «Ротор», «Енисей», «Чайка», «КамАЗ» және «Кубань» командаларында да ойнаған. Ресейдің әртүрлі жастағы жастар құрамаларында да ойнаған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или