Рыбакина Дубайда қарсылас шақ келтірмей жатыр

Рыбакина Дубайда қарсылас шақ келтірмей жатыр

Бүгін Дубайдағы (БАӘ) WTA-1000 турнирінде ширек финалдық кездесулер өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық Елена Рыбакина 1/4 финалда тегі орыс америкалық София Кенинмен кездесті.

Алғашқы сетте сенімді жеңіске жеткен (6:2) Рыбакина екінші сетте ерте брэйк жасап, 3:1 есебімен алға шыққан еді. Алайда бұл басымдықты сақтай алмады.

Кездесу тай-брейкке ұласты, онда Рыбакина мықтылығын көрсетіп, 7:6 (7:2) есебімен жеңіске жетті. Жалпы есеп – 2:0.

Осылайша, екі теннисшінің өзара кездесулеріндегі есеп 3:0 болып, Рыбакина алда келе жатыр.

Жартылай финалда Рыбакина 17 жастағы ресейлік Мирра Андреевамен кездеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или