Шавкат Рахмонов титулды жекпе-жек өткізбейтін болды

Шавкат Рахмонов титулды жекпе-жек өткізбейтін болды

UFC баспасөз қызметі 10 мамырда Квебекте өтетін UFC 315 турнирінің басты жекпе-жегін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

10 мамырда Канаданың Монреаль қаласында өтетін UFC 315 турнирінің басты жекпе-жегінде Мухаммад австралиялық Джек Делла Маддаленамен (17-2) жекпе-жек өткізіп, чемпиондық атағын қорғайды. Жекпе-жек туралы промоушнның әлеуметтік желісінде жарияланды.

Айта кетейік, 2024 жылдың желтоқсан айында Шавкат Рахмонов Ирландия файтері Иэн Гэрриді төрешілер шешімімен ұтып, титулдық жекпе-жекке басты үміткер атанған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или