Елдос Сметовтың суреті халықаралық дзюдо федерациясының күнтізбесіне енді

Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметовтың суреті халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) күнтізбесіне енді, деп хабарлайды Prosports.kz.
IJF күнтізбесіне жариялауға ресми рұқсат етілген, спорттың абыройын асқақтатын, Халықаралық дзюдо федерациясының талаптарына сай фотосуреттер ғана салынады.
Сондай-ақ, күнтізбеге дзюдо тарихында елеулі еңбегі сіңген Олимпиада немесе Әлем чемпионатының жеңімпаздарының суреттері ғана енгізіледі.
2025 жылғы жаңартылған күнтізбеге Елдос Сметовтың Париж Олимпиадасында марапаттау сәтіндегі сурет қойылған.
Дереккөз: 1bol.kz
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или