«Барселона» бапкері Ханси Флик жұлдызды футболшыны негізгі құрамнан қуды

«Барселона» бапкері Ханси Флик жұлдызды футболшыны негізгі құрамнан қуды

Каталониялық «Барселона» клубының бас бапкері Ханси Флик Франция құрамасының қорғаушысы Жюль Кундені негізгі құрамнан шеттетті,  деп хабарлайды Prosports.kz.

Sport.es порталының мәліметінше, Жюль Кунде жаттықтырушылар штабының шешімімен «Барселонаның» негізгі құрамынан шығып қалған. Басты себеп – Кунденің жаттығуға жиі кешігуі. Француз қорғаушысы «Райо Вальеканоға» қарсы ойын алдындағы командалық оқу жаттығу жиынына да уақытылы келмеген. 

Кунденің бұл алғашқы тәртіп бұзуы емес. Ол бұған дейін «Алавеске» қарсы ойынға кешігіп барған. Сол кезде Флик оны жазалаған. Неміс маманы команданың тәртіп пен жауапкершілік қағидаларына аса қатты мән беретінін бірнеше рет мәлімдеген болатын.

Дереккөз: 1bol.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или