Қазақстандық файтер Николай Веретенников UFC Fight Night 252 турнирінде жекпе-жекке шығады

Қазақстандық жартылай орта салмақтағы файтер Николай Веретенников (12-5) қысқа мерзімде ұсынылған жекпе-жекке келісіп, 22 ақпанда өтетін UFC Fight Night 252 турнирінде америкалық Остин Вандерфордпен (12-2) кездеседі, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бастапқыда Веретенников 16 ақпанда Билли Рэй Гоффпен (9-3) жекпе-жек өткізуі керек болған. Алайда АҚШ-та жұмыс істеуге рұқсат алу мәселесіне байланысты бұл кездесу өтпей қалды.
35 жастағы Веретенников UFC-дегі алғашқы жекпе-жегін өткен жылдың тамызында өткізді. Ол америкалық Дэнни Барлоуға (9-0) төрешілер шешімімен жеңілген еді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или