«Барыс» хоккей клубының негізгі қақпашысы ұзақ уақытқа қатардан шығып қалды

Елордалық «Барыс» хоккей клубының негізгі қақпашысы Никита Бояркин жарақат алып, ұзақ уақытқа қатардан шығып қалды, деп хабарлайды Prosports.kz
Бояркин 14 ақпан күні Құрлықтық хоккей лигасының кезекті турында «Ладаға» қарсы ойынның екінші таймында қарсыластың шабуылын қайтару кезінде оң тізесінен жарақат алған болатын.
Медициналық тексерістің нәтижесінде Бояркиннің оң жақ тізеснің буынынан жарақат алғаны белгілі болды. Ол енді ұзақ уақыт дәрігерлер бақылауында болып, айдынға оралмайды.
Никита Бояркин биылғы маусымда «Барыс» сапында 38 ойынға қатысқан. Ол соққылардың 92,4%-ын қайтарған. Соған қарамастан астаналық клуб жеңілістен көз ашалар емес. Турнирлік кестеде «Барыс» соңғы 12-орында келеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или