Қазақстандық шаңғышылар Норвегияда өтетін әлем чемпионатына қатысады

Қазақстандық шаңғышылар Норвегияда өтетін әлем чемпионатына қатысады

Қазақстандық шаңғышылар Норвегияда өтетін әлем чемпионатына қатысады, деп хабарлайды Prosports.kz 

Шаңғыдан 55-ші әлем чемпионаты 26 ақпан мен 9 наурыз аралығында өтеді.

Қазақстан ұлттық құрамасының бапкерлер штабы шаңғы жарысы бойынша Тронхеймде (Норвегия) өтетін алдағы әлем чемпионатына қатысатын спортшылардың тізімін бекітті.

Әлем чемпионатына 14 қазақстандық спортшы қатысады. Олардың арасында 2025 жылы Харбин қаласында өткен Азия ойындарының жеңімпаздары да бар. Команда құрамында тәжірибелі шаңғышылармен қатар жас шаңғышылар да сынға түседі.                

Әлем чемпионатына қатысатын қазақстандық спортшылардың толық тізімі: Надежда Степашкина, Ксения Шалыгина, Ангелина Шурыга, Дарья Ряжко, Камила Елгазинова, Анна Мельник, Олжас Климин, Константин Борцов, Святослав Матасов, Наиль Башмаков, Владислав Ковалев, Ернар Нұрсбеков, Федор Карпов, Виталий Пухкало.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или