2 дүркін әлем чемпионы, әйгілі дзюдошы Жоширо Маруяама мансабын аяқтады

2 дүркін әлем чемпионы, әйгілі дзюдошы Жоширо Маруяама мансабын аяқтады

Дзюдодан 66 келіде күресетін әлемге танымал балуан, «Ushi mata» әдісінің королі жапондық Жоширо Маруяама карьерасын аяқтады, деп хабарлайды Prosports.kz

Бұл туралы дзюдошының өзі әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

«Мен карьерамды аяқтау туралы шешім қабылдадым. Үш жасымнан бастап күнделікті өмірімде болған дзюдомен өмір сүрдім, ал басты арманым Олимпиада ойындары болды, оған жете алмадым. Маған сеніп, қолдаған әрбір жанкүйерлеріме, жақындарыма алғыс айтамын. Рақмет сіздерге» - деп жазды Жоширо.

Ол соңғы рет 2024 жылы Париж Гран Слэм турниріне қатысып, финалда отандасы Такеока Такешиден вазари ұпайымен жеңілген болатын.

Маруяама Олимпиада ойындарына қатыса алмады. Себебі, отандасы –феномен Хифуми Абенің көлеңкесінде қалып қойды. Токио Олимпиадасына іріктеуде жеңілсе, одан кейін 2022-2023 жылдардағы әлем чемпионатында сан соғып қалды.

Маруяаманың жетістіктері:

2 дүркін әлем чемпионы, одан бөлек әлем чемпионатында 2 мәрте күміс медаль олжалады. Сондай-ақ, Гран Слэм турнирлерінде 3 алтын, 4 күміс жүлде алған. Мастерс жарысының жеңімпазы. Гран При турнирдің 2 мәрте алтын медаль жүлдегері

Дереккөз: 1bol.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или