«Реал Мадрид» - «Манчестер Сити»: «қалалықтар» камбэк жасай ала ма?

Сәрсенбіде Чемпиондар лигасының классикасына айналған матч қайта өтеді. «Реал Мадрид» өз алаңында «Манчестер Ситиді» қабылдайды. Өткен аптада «Реал» Англиядан 3:2 есебімен жеңіс алып кеткен болатын. Енді текетірес «Сантьяго Бернабеуде» жалғасады.
Tennisi.kz букмекерлік компаниясы дәл қазір пайдаланушыларға негізгі шотқа 4000 теңге береді. Оны алу үшін Tennisi.kz сайтында немесе қосымшасында тіркеліп, тіркеу кезінде dop24 промокодын енгізіп, шотты 3 000 теңгеден басталатын сомаға толтырыңыз.
«Этихадтағы» алғашқы ойында «Реал» матч соңына қарай камбэк жасаған болатын. Эрлинг Холандтың дубліне «патша клубы» Килиан Мбаппе, Браим Диас пен Джуд Беллингемнің голымен жауап қатқан еді.
«Реал Мадрид» екі матч ортасында чемпионатта ойын өткізіп, ол даумен аяқталды. Сырт алаңда «Осасунамен» тең түсті, бірінші тайм соңына қарай Джуд Беллингем төрешіні балағаттағаны үшін алаңнан қуылды. Килиан Мбаппе, Винисиус секілді жұлдыздары матчты толық өткізуге мәжбүр болды, Чемпиондар лигасы алдында демалыс алған жоқ. Соның өзінде матч 1:1 есебімен аяқталды. Мадридтіктер чемпионатта қатарынан үш матч бойы жеңе алмай, екінші орынға түсіп қалды.
Дегенмен «Манчестер Ситиге» қарсы қарымта матч алдында жақсы жаңалықтар бар. Антонио Рюдигер, Лукас Васкес пен Давид Алаба жарақатынан айығып, құрамға оралды. Оларды сәрсенбіде алаңнан көріп қалуымыз әбден мүмкін. «Реал Мадридке» қарымта матчта жеңілмеу жеткілікті, сол кезде 1/8 финалға өтеді.
Ал «Манчестер Ситиге», керісінше, жеңіс ауадай қажет. Жәй ғана жеңіс емес, екі гол айырмашылығымен жеңу керек. Сол кезде мәселені негізгі уақытта шешеді. Бір гол басымдығымен жеңсе, овертайм көреміз.
«Қалалықтар» өткен аптада АПЛ-да «Ньюкаслды» 4:0 есебімен тас-талқан етті. Омар Мармуш хет-трик жасады, Абдукодир Хусанов ойынды негізгі құрамнан бастап, жақсы өнер көрсетті. Мануэль Аканджидің жарақатын ескерсек, Хусановты Мадридте алаңнан көріп қалуымыз әбден ықтимал. Одан бөлек, «Ньюкаслға» қарсы матчта Кевин Де Брюйне, Матео Ковачич, Бернарду Силва секілді футболшылар демалыс алды.
Tennisi.kz букмекерлік компаниясы «Манчестер Сити» 1/8 финалға өтеді дегенге 4.70 коэффициентін ұсынады. Ал «Реал Мадридтің» шығуына - 1.19. «Ман Ситидің» негізгі уақыттағы жеңісі – 3.42, «Реал» – 1.92.
Матчтарға ең қызық бәстерді Tennisi.kz сайтынан немесе мобильді қосымшасынан таба аласыздар.