«Күтіп отырмыз». Қазақстандық файтердің UFC-дегі кезекті жекпе-жегі қашан өтеді

Қазақстандық UFC файтері Николай Веретенников Prosports.kz сайтына промоушендегі келесі жекпе-жегін өткізуге жол ашылғанын айтты.
«Өзгеріс бар. Жұмыс істеуге рұқсат алдым. Енді келесі жекпе-жек күнін күтіп отырмыз. Құжат қанша уақытқа жарамды? Үшінші рет жұмыс визасын алып отрымын. Бұл жолы маған 5 жылға рұқсат берілді», - деді файтер.
35 жастағы Веретенников (12-5) былтыр тамызда UFC-де дебют жасап, америкалық Дэнни Барлоудан (9-0) жеңіліп қалған болатын. Қазақстан уақыты бойынша биыл 16 ақпанда Николай америкалық Билли Рэй Гоффпен (9-3) кездесуі керек еді, бірақ қазақстандықтың АҚШ-та жұмыс визасының кешігуіне байланысты бұл жекпе-жек өтпей қалды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или