Винисиус Португалияның екінші дивизионында өнер көрсететін клубтың иесі атанды

«Реал Мадрид» шабуылшысы Винисиус Жуниор Португалия Екінші дивизионында өнер көрсететін «Алверка» клубы иелерінің бірі атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұған дейін кәсіпкер Рикарду Висинтин өз үлесін сатқысы келетінін хабарлаған болатын. Record мәліметінше, оның үлесі испаниялық және бразилиялық инвесторларға, оның ішінде Винисиусқа өтеді. Сонымен қатар, бизнесменнің үлесін сатып алу құны 10 млн еуроны құрайтыны айтылған.
«Алверка» 22 ойыннан кейін Португалияның екінші дивизионында екінші орында тұр және елдің жоғарғы дивизионға шығуға мүмкіндік беретін аймаққа енген.
Осы маусымда Винисиус «Реал» сапында барлық турнирде 31 матч өткізіп, 16 гол соғып, 12 нәтижелі пас берді. Ойыншының клубпен қазіргі келісімшарты 2027 жылдың жазына дейін жасалған. Transfermarkt порталы 24 жастағы футболшыны 200 млн еуроға бағалап отыр.